Облыстық мешітте Ақсақалдарға арналған жиын өтті 3837

Облыстық мешітте Ақсақалдарға арналған жиын өтті

20 қазан 2024 166 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы бас имамының тапсырмасымен, ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақсақалдарға арнайы жиын өткізілді. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ақсақалы Қуандық Қабден және ақсақалдардың дауысқа салуымен облыстық мешітке жаңадан ондық ақсақалдар мүшелері сайланды. Наиб имам сайланған ондық мүшені мешіт пен ислам дінінің өркендеу жұмыстарында имамдармен бірге болып, ақыл-кеңестерін қосып, кейбір мәселелерді шешуге қолғабыс білдіретіндеріне сенімін білдірді.

Сондай-ақ халық арасында діни рәсімдерді атқарып жүрген молдаларға ҚМДБ шығарған «Дін мен дәстүр» кітабынан уағыз-насихат жүргізіп, садақа мен жаназада діни рәсім атқару барысында ысырапшылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуге атсалысуға шақырды. Шариғат бойынша жерлеу рәсімін бірізділікке келтіру бойынша және «Уақып қорының» маңыздылығы туралы халыққа насихаттауға шақырды. Ақтөбе қаласынан және аудандардан бөлінген зираттарда «Қамқор-Шарапат» жұмысының жүріп жатқанын айтып, сол істі кеңінен насихаттап, қолдау білдіруге шақырды.