Жұмада жәрмеңке жасалды
Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күнінің құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде “Қайырымды жұма” жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде жұма намазына келген жамағатқа түрлі тағамдар ұсынып, сауапқа толы сауда жасауға септігін тигізді. Айта кетейік, «Бақытжан» мешітіндегі қайырымдылық жәрмеңкесі шәкірттерінің ұйытқы болуымен бірнеше жыл бойы тұрақты өтіп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































