Шалқар ауданы имамдары Бозойда насихат жүргізді 5826

Шалқар ауданы имамдары Бозойда насихат жүргізді

19 қаңтар 2026 71 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының имамдары Бозой ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барып, жат ағымның алдын алуға байланысты бірқатар кездесулер өткізді.

Шалқар ауданына қарасты Бозой ауылына ат басын бұрған имамдар «Арал желілік өндірістік басқармасы» , «Бозой жалпы орта білім беретін мектебі»-нің қызметкерлерімен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Әл-Азhар» университетінің магистранты, Даруль Ифта түлегі Ерлан Матайбаев пен Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков және Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев тақырып аясын кеңінен түсіндіріп, баяндады.

Одан өзге, Бозой ауылдық «Мәдениет үйі» ғимаратында ауыл ақсақалдарымен кездесу өтті. Бас имам Абзал Медетбеков өңірдегі діни ахуал, дін мен ділді, ұлттық тәрбиені, береке-бірлікті дәріптеудегі аға буынның рөлі туралы айтты. Ауыл тұрғындарының пікірлері тыңдалып, сұрақтарға тұщымды жауап берілді.