«Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с) тақырыбында Мәуліт кеші өтті 2987

«Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с) тақырыбында Мәуліт кеші өтті

10 қазан 2023 136 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с) тақырыбында Мәуліт кеші өтті.

Кеш шәкірттердің «Фатх» сүресін оқуымен, салауат айтуымен басталды. Сонымен қатар «Алла елшісіне (с.а.с) сағыныш» тақырыбында көрініс қойды. Ал «Алғашқы уахидің келуі», «Шөлге түскен нұрдың сәулелері» тақырыбында роликтер көрсетілді.

Шара барысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай түрлі ойындар ойнатып, Алла елшісінің (с.а.с) көркем мінезі туралы насихат айтты.

Одан өзге психолог маманы Құралай Құрбанова «Сабыр» т.б тақырыптарында түрлі тренингтер ұйымдастырды.

Шара қортындысында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі