«Жастардың керағар діни ағымдардан алдын алу» тақырыбында кездесу өтті 4841

«Жастардың керағар діни ағымдардан алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

19 қыркүйек 2025 53 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндамасында 2025 жылдың негізгі 4 бағыттағы жұмыстарының бірі — жат діни ағымдардан сақтандыру екендігін айтты. Осыған орай Ақтөбе облысы өкілдігінде ЖАНТ мүшелері діни ахуалды тұрақтыру бағытында жұмыс жасап келеді. 

Аталған бағыт бойынша Ойыл ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Жастардың керағар діни ағымдардан алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы және Тимур Қалниязұлы және жаттықтырушылар мен жасөспірімдер қатысты.

Ауданның бас имамы жат ағымның алдын алу туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, дінге қатысты қойылған сұрақтарына талдап, жіті жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі