“Бақытжан” мешітінде 25 отбасыға 500 мың теңге зекет таратылды 6063

“Бақытжан” мешітінде 25 отбасыға 500 мың теңге зекет таратылды

12 наурыз 2026 29 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде

«Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға» қайырымдылық жобасы аясында Жаңақоныс ауылындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға зекет таратылды.

Аталмыш іс-шарада «Бақытжан» мешітіне келіп өтініш білдірген 25 отбасыға 20 мың жалпы сомасы 500 мың теңге қаражат табысталды.