«Ана — отбасының тірегі» атты  шара ұйымдастырылды 4287

«Ана — отбасының тірегі» атты шара ұйымдастырылды

09 наурыз 2025 79 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұстаз Баян Мергенғалиқызының ұйымдастырумен «Ана — отбасының тірегі» атты шара өтті.

Шара барысында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, .Хиуаз Доспанова туралы мәліметтер айтылды. Дін мен дәстүр сабақтастығы аясында ананың рөлі баяндалды.

Мешіттің белсенді мүшелері, әжелер мектебінің мүшелері Құран оқып, еліміздің амандығын тіледі.

Шара қортындысында әйел жамағаты жылы лебіз тілектерін айтып, бір - біріне сыйлық жасады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі