Ақтөбе: «Иман нұры» хабарында имамдар қонақта 1400

Ақтөбе: «Иман нұры» хабарында имамдар қонақта

11 наурыз 2022 129 Оқу 1 минут

Бүгін «Aqtobe» теларнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы Ержан Мизамов, облыстық орталық мешітінің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова қонақ болып, сүбелі сұхбат берді. 

Бағдарлама аясында «Тыныштықтың қадірі», «Дін мен дәстүр: даналық пен дарақылық», «Қайырымды болу – ізгілікке тәрбиелейді», «Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыптары қаузалды.

Сұхбаттарды жуырда әр жұма күні «Aqtobe» телеарнасынан көре аласыздар.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі