Қаланың Бас имамы әйел ұстаздарға жиналыс жасады 4083

Қаланың Бас имамы әйел ұстаздарға жиналыс жасады

28 қаңтар 2025 132 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қалалық әйел ұстаздарға жиналыс өтті. 

Жиналысты Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жүргізіп, Ақтөбе облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова және барлық қала мешіттерінің әйел ұстаздары қатысты.

Жиналыста негізігі мәселелер көтеріліп, діни қызметтің маңыздылығы мен оған аса жауапкершілікпен қарау туралы және әйел жамағатының ынтымақ- бірлікте болуына ерекше көңіл бөлу туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан бекітілген жылдық жоспарға сәйкес тапсырмаларды орындап уақытылы есебін беріп отыру қажеттігі сөз болды.

Жиналыс соңында әйел ұстаздардың дін үшін жасап жатқан қызметтері үшін алғыс айтылып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіленді.

Айта кетейік, өңірімізде жылдан жылға әйел ұстаздардың тапшылығы жойылып, жаңа мамандармен толығып шәкірттердің де саны мен сапасы артып келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі