Қаланың Бас имамы «Ихсан» орталығының мамандарымен кездесті 3691

Қаланың Бас имамы «Ихсан» орталығының мамандарымен кездесті

19 қыркүйек 2024 120 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы «Ихсан» орталығының мамандарымен кездесті.

Аталған орталықтың ұстаз, теолог мамандары қатысқан кездесуде бас имам Нұрлыбек Күзенбаев жамағатпен жұмыс жасау, білім берудің маңыздылығы мен діни тұлғалардың жауапкершілігі жайында сөз қозғап, «Қоғамның діни сауатын көтеріп, халыққа тиісті деңгейде дәстүрлі діни бағытта білім беру біздің ортақ міндетіміз. Өздеріңіз секілді теолог мамандардың орны әлеуметтік ортада өзекті екендігін айта кеткен жөн»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ өңірлік діни ахуалдың тұрақты болуына бірлесіп жұмыс жасаудың өзектілігі туралы да пікір алмасып. мекеме басшысы Сұлтан Сабырбекұлы бас имам Нұрлыбек Шакизадаұлына алғыс білдіріп, қызметіне табыс тіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі