Облыстық мешіттің азаншысы сұхбат берді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов «Aqtobe» телеарнасында қонақ болып, «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.
Мешіт азаншысы бағдарлама барысында ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы»жылының мақсатын айтты.
Сонымен қатар асыл дініміздегі ерлер мен әйелдер теңдігі, жас отбасылардың жиі айтатын мәселелері, жырасудың жолын болдырмау үшін қандай амал жасау керектігі туралы толыққанды ашып баяндады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі