«Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті 3692

«Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

19 қыркүйек 2024 142 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінде «Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты Мәуліт айының құрметіне рухани кеш ұйымдастырылды. 

Игі шара Алланың кәләмы Құран оқумен басталып, пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен жалғасын тапты.

Мәуліт кешіне арнайы Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен қаланың Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев қонақ болып, жамағатқа Алланың сүйікті құлы және елшісінің (с.ғ.с) өмірбаянынан сөз қозғап, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен насихат жүргізді.

Сонымен қатар кеш барысында жамағаттың белсенділерінің қатысуымен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендерге сый-сияпат берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі