Садақ атудан спартакиада өтті 4936

Садақ атудан спартакиада өтті

19 қазан 2025 107 Оқу 1 минут

ҚМДБ жылғы 2025 жылғы жұмыс бағыттарының бірі - “Дін мен дәстүр” бағыты. ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешіті, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы және “Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысына қарасты 12 аудан және Ақтөбе қаласы мешіттері жамағаты арасында қазақ ұлттық ойындарынан спартакиада сайысы өтті.


Ақтөбе қаласы, №1 спорт мектебінде өткен сайыстың ашулу салтанатында Ақтөбе облыстық Дін істеру басқармасының басшысы Қаныбек Сейсенғалиұлы және Ақтөбе облысының БАс имамы Амантай Садиев алғы сөз сөйлеп, сайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушаларға сәттілік тіледі.


Сайыс қорытындысы бойынша Садақ ату сайысынан 1 орын - Шалқар ауданы (100 000 тг), 2 орын – Алға ауданы (75 000 тг), 3 орын – Ақтөбе қаласы (50 000 тг) мешіт жамағаты жеңіп алды.