20 отбасыға 1 миллион теңге зекет үлестірілді
Ақтөбе қалалық «Досжан хазірет» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен «Қолдан-қолға» акциясы аясында мешітке өтініш білдірген 20 мұқтаж отбасыға зекет үлестірілді. Әр отбасына 50 000 теңгеден, жалпы 1 000 000 теңге қаражат берілді.
Бұл игі іс мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен бауырмалдықты арттыруды көздейді. Шара барысында имамдар зекеттің исламдағы маңызы жайлы айтып, мұқтаж отбасыларға береке тіледі. Сондай-ақ зекет беріп, жомарттық танытқан азаматтарға Алланың разылығын, мал-мүлкіне береке тіледі.











































