РАНТ мүшесі жұма уағызын өтті
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай Бас мүфтидің кеңесшісі, ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Ақтөбе облысына келген арнайы іс сапар барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын өткізді.
«Құрметтің шыңы — ата-анаға ілтипат» тақырыбында өткен насихат барысында РАНТ мүшесі: « Алла Тағала ата-ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасауды баршамызға өсиет етті. Бұл ата-анаға құрмет көрсетудің діндегі орны мен маңызын айқындайды. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Кім Аллаға шүкіршілік етіп ата-анасына жақсылық жасамаса, оның шүкірі қабыл емес», – деген. Шүкіршілік — ата-анаға жасалған қызмет арқылы мән табады,»–деп кеңінен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ Смайыл Сейтбеков жұма намазынан соң елдің амандығы мен халқымыздың, дініміздің бірлік-берекесі үшін дұға тілеп, игі тілегін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































