Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді 2651

Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

18 сәуір 2023 113 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Береке» мейрамханасында ауызашар берілді. 

Атап айтқанда, «Алаш» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, денсаулықтарындағы сынаққа қарамастан қоғамдағы мәселелерге белсенді араласып, азаматтық пікірлерін анық білдіріп жүрген бүгінгі батыр жандар.

Дастархан басында бас имам «Жүректің дерттер» тақырыбында уағыз-насихат айтып: «Өмірде пенде үшін ең маңыздысы – иман байлығы. Жүрек дертті болып, көңілді кір басса, қолында бар еш нығметті адам сезіне алмайды. Тіпті, шүкірсіздік себебінен Құдайын да ұмытуы мүмкін. Сол үшін иман, біздің басты байлығымыз», -деп түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ сауабы мол игі басқосуда өңірдегі дәстүрлі әншілер ән айтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында ақсақалдар баталарын беріп, ауызашарды ұйымдастырушы жандарға өз алғыстарын білдіріп, бас имамға рахметтерін айтты.

Айта кетейік, аталған ауызашарға 50 адам қамтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі