Облыстық мешіт аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Facыp» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «ТАЙҚАЗАН» жобасы аясында қордың облыстыға өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен аз қамтылған 20 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай «Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі» екендігі туралы насихат айтып, отбасыларға азық-түлік қоржынын табыстады. Көмек алған отбасылар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі