Хромтауда ұлттық ойындардан жарыс өтті 1536

Хромтауда ұлттық ойындардан жарыс өтті

14 сәуір 2022 83 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде Рамазан айының құрметіне орай аудан жамағатының бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойындардан жарыс өтіп, аудан орталығының жамағаты мен Ақжар ауылындағы «Ақжар» мешітінің жамағаты қатысты.

Жарыс «дойбы», «шахмат», «тоғызқұмалақ» ойыны арасында өтті.

Әділқазылардың шешімі бойынша «Дойбы» ойынынан І орынды Абдумажит Арман, ІІ орынды Үсенов Ернар, ІІІ орынды Бекманов Ерлан иеленді. Ал шахматтан І орынды Абулаев Рүстем, ІІ орынды Төребек Аслан, ІІІ орынды Жанарыс Бек иеленсе, тоғызқұмалақтан І орынды Абдумажит Арман, ІІ орынды Беқалиев Руслан, ІІІ орынды Туран Алмаз иегері атанды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Одан өзге сайысты дода ауызашар дастарханында жалғасын тапты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі