Хромтау: Мұзда сырғанап жарысты 4116

Хромтау: Мұзда сырғанап жарысты

30 қаңтар 2025 337 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен оқушылар арасында конькиден жылдамдыққа жүгіруден жарыс өтті.

Қыс мезгілінде аудандық жерде тұрғындардың әуестене шұғылданатын спорт түрі — конькимен сырғанау.

« Қыстың алғашқы айы жылы болғанымен, осы қаңтар айынан бастап, мұз қатып, ауыл болып хоккей ойнап, мұзда сырғанап демалудамыз. Қыс мезгілі осы көрінісімен де қызықты. Ауданда конькимен сырғанауға бейім оқушылардың көп екенін көріп, оқушылар арасында жарыс ұйымдастыруды жөн көрдік», - дейді Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы.

Жарысқа оқушылар арасынан қыздар командасынан құралған 5 топ қатысты.

Жарыс қызықты өтті. Оқушылардың жарысты әсерлі өткізуге деген талпынысы мен жеңіске деген жігерлері көрермендерді еріксіз баурап алды.

Дода қорытындысы бойынша қыздар арасында ІІІ орынды Жастар командасы, ІІ орынды Барыс командасы, І орынды Жұлдыз командасы жеңіп алды.

Жарысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар мақтау қағаздарымен қатар арнайы медальдармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі