Қала имамдарына «Пәтуа» семинары өтті 5045

Қала имамдарына «Пәтуа» семинары өтті

02 желтоқсан 2025 68 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Амановтың қатысуымен қала имамдарына «Пәтуа» семинары өтті. 

Семинар барысында ҚМДБ пәтуалары таныстырылып, кеңінен талқыланды және имамдар қызмет барысында кезігетін маңызды сауалдарды қойып, тұщымды жауаптар алды .Сондай-ақ, семинарда төмендегі мәселелер жан-жақты түсіндірілді:

1.Неке кезінде қыздың ата-анасының қатысуы – ата-ананың рұқсаты мен қатысуының маңыздылығы;

2.Екінші әйел алу мәселесі – мешітте мұндай некенің қиылмайтыны түсіндірілді.

3.Неке қиюдағы «Ахаж» қағазының болуы – неке рәсімін жүргізу үшін бұл құжаттың міндетті түрде толтырылуы керектігі және содан кейін ғана неке қиылатыны айтылды.

4.Мешітте екінші жамағат болып намаз оқу – бұл мәселеге қатысты фиқһтық қағидалар мен діни түсіндірмелер берілді.

Іс-шараның мақсаты – қала имамдарының пәтуалық және фиқһтық мәселелер бойынша білімін арттырып, діни қызмет сапасын нығайту болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі