Шалқар бас имамы Қауылжыр ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды 6320

Шалқар бас имамы Қауылжыр ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды

26 сәуір 2026 9 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің Бас имамы Абзал Медетбеков Қауылжыр ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барып, ауыл мешітінің жамағатымен кездесті.

Іс-сапар барысында Бас имам жамағатқа «Кіші күнәлардан сақтану және нәпсі тәрбиесі» жайында насихат айтты.

«Мұсылман адам Жаратушының алдындағы міндетті ғибадаттарын орындаумен қатар, күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысы мен келбетінде де дініміз талап ететін ізгі сипаттарға сай болуы тиіс. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде мұсылман келбетіне тән түрлі сипаттар келтірілген. Соның бірі: "Нағыз мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам", – деді ауданның Бас имамы.

Кездесу барысында ол мүминнің көркем мінезі, ізгілікті өмір салты мен күнәдан аулақ болу керектігі туралы баяндап, сахабалар мен ізгілер өмірінен тағылымды мысалдар келтірді. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.