Діни бірлестік өкілдерінің арасында зияткерлік сайыс өтті 3498

Діни бірлестік өкілдерінің арасында зияткерлік сайыс өтті

29 тамыз 2024 552 Оқу 1 минут

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай облыстық дін істері басқармасы мен «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен жергілікті діни бірлестік өкілдерінің арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. 

Аталған шараға облыстағы діни бірлестіктер: ислам, православ, христиан евангелдік елуліктері, евангелдік христиан баптисттері және кришна санасының қоғамынан барлығы 25 өкілден құралған 5 команда қатысып, белсенділік көрсетті. Ислам діни бірлестігінің топ басшысы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов болды.

Шараның ашылу салтанатында облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев ҚР Конституция күнімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

Жергілікті діни бірлестік өкілдерінен құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 3 кезең бойынша өткізілді. Онда ҚР Конституциясы және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге, танымдық, логикалық сұрақтар бойынша білімдері тексерілді.

Сайыс тартысты, әрі қызық өтті. Шара соңында сайысқа қатысушыларға мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі