ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ІСТІ БОЛҒАН АЗАМАТТАРМЕН ЖЕКЕЛЕГЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 2965

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ІСТІ БОЛҒАН АЗАМАТТАРМЕН ЖЕКЕЛЕГЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

05 қазан 2023 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы №8 түзету мекемесінде болған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осында жазасын өтеп жатқан Т. және Е. есімді екі азаматпен жекелеген кездесу өткізді.

Екі азамат та экстремизм бабы бойынша сотты болып, жастардың жат діни ағымға еруіне себепкер болған. Бүгінде екеуі де жаза басып, жаңылысқанын мойындап, дәстүрлі дінге бет бұрмақ ниетін білдірді.

ҚМДБ Төрағасы екі азаматқа Құран аяттарын дұрыс түсіну, бір мәзһаб ұстанудың маңызы жайлы насихат айтып, қойған сұрақтарына жауап берді.