«Бақытжан» мешіті: Жаңа бас имам тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Еламан Кәрім Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли жамағат алдында жаңа имамды таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ осы уақытқа дейін «Бақытжан» мешітінде абыроймен қызмет атқарып, жамағаттың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ерекше үлес қосқан, дін жолындағы еңбегімен танылған Ержан Маратұлына қаланың Бас имамы алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жамағат ат мінгізді.
Жұма насихатында Бас имам Алмат Әлиұлы «Мәшһүр жүсіп және оның рухани мұрасы» тақырыбында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни-ағартушылық еңбектерінің маңызын атап өтті. Ол ғұламаның мұрасы халқымыздың діни дүниетанымын тереңдетуге, ұлттық сананың қалыптасуына үлкен ықпал еткенін, шығармаларында ислам құндылықтары мен қазақтың дәстүрлі мәдениетінің үйлесімін шебер жеткізгенін айтты.
Еламан Бейімбетұлы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданына дүниеге келген. «Астана медресе- колледжінің түлегі.
Еңбек жолы
•2020–2021 жж. – БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы, 2021 жылдан бүгінге дейін – Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің ұстазы.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































