Қала имамдарына “Үкім беру мен пәтуа шығару” семинары өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала имамдарына арналған «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты маңызды семинар өтті.
Семинарды Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов жүргізді.
Шара барысында ҚМДБ тарапынан шығарылған пәтуалар таныстырылып, олардың мәні мен қолданылу тәртібі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар пәтуа берудегі ілімнің орны, жауапкершілік және қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ семинар аясында имамдар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, оларға тұшымды әрі нақты жауаптар берілді. Бұл өз кезегінде тәжірибе алмасуға және діни қызметтегі маңызды мәселелерді терең түсінуге мүмкіндік берді.
Игі шара имамдардың білімін арттырып, діни қызметтегі жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.
Алла Тағала алған білімімізді ел игілігіне жұмсауды нәсіп етсін!









































