Облыстың бас имамы тарихи Темір мешітіне барды 3688

Облыстың бас имамы тарихи Темір мешітіне барды

18 қыркүйек 2024 319 Оқу 1 минут

Темір ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Темір ауданы, Темір қаласы, А.Халфе көшесінде орналасқан тарихи Темір мешітіне барды.

Сапар барысында облыстың бас имамы Темір қалалық мешітінің жай-күйімен танысты. Темір қалалық мешітінің имамы Балашев Ербол мешіттің ішкі- сыртқы қалпын баяндап өтті.

Аталған мешіт төртбұрышты (10х22 м) екі қабатты құрылыс негізінде қабырғасы өңделген қоңыр текше тастардан балшықпен қаланған. Солтүстік бетінде сегіз қырлы мұнарасы ағашпен жабылып, қаңылтырланған, ұшар басы алты жақты тіктөртбұрыш тәрізді, оған жарты айшық орнатылған. Ішкі беті үш қызмет бөлмесіне бөлініп, орталықтағы екі қабат намаз бөлмесі мен шығар есікке жалғасқан.

⠀Мешітті 1905 жылы Орынборлық көпес Мәжит Батқұлұлының қаржылық көмегімен Темір қаласында бой көтереді. Діни сауатты имандылықты уағыздаушы Ахмет Халфе мешітке ие болып қызмет етеді. Ахмет Қазан, Уфа медресесін тәмамдап, Халфе атағын алған діни білімі жоғары адам болған. Ол 1926 жылы Уфада өткен мұсылмандар съезінің делегаты. Ахмет Халфеге Батыс Алаш орда үкіметі діни басқармасының төрағасы болған. Ахмет Байтұрсынов пен Мұстафа Шоқайдың досы Сағидолла Ізтілеуовпен бірге халық арасында дінді насихаттадың деген айып тағылып 1937 жылы ату жазасына кесіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі