ЖШС «Молочные истории-А» өндірісіндегі «Тандем» өнімдері халал сертификатына ие болды
ЖШС «Молочные истории -А» – Ақтөбе облысындағы қышқыл сүт өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың бірі.
Компания тұтынушыларға сапалы, табиғи және қауіпсіз өнім ұсынуды басты мақсат етеді. Осы мақсатқа сәйкес, «Тандем» брендімен шығарылатын қышқыл сүт өнімдері халал стандарты бойынша сертификатталды.
Сертификатты Ақтөбе облысының бас имамы Садиев Амантай жамағат алдында табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі