ҚМДБ: 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 6171

ҚМДБ: 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

09 қаңтар 2026 1 Оқу 1 минут

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жұмыс мәжілісі өтті.

Жиында ҚМДБ-ның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, алдағы кезеңдегі рухани-ағартушылық, қоғамдық және ақпараттық бағыттағы жұмыстардың нақты мазмұны мен орындалу тәртібі талқыланды.

Жиын барысында бөлімдердің ұсыныстары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың реті айқындалып, жауапты бөлімдер бекітілді.