«Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала имамдарына арналған «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев жүргізді.
Шара барысында Ислам тарихындағы маңызды оқиғалар мен тұлғалардың бүгінгі қоғам үшін алар орны, тарихи тәжірибеден тағылым алу, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ уағыз-насихатта тарихи деректерді орынды қолданудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Ислам тарихын дұрыс түсіну арқылы жат ағымдардың алдын алу және жастарға дұрыс діни бағыт берудің маңыздылығы айтылды.
Семинар аясында имамдар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, пікір алмасу орын алды. Игі шара дін қызметкерлерінің тарихи танымын кеңейтіп, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.





































