Шалқар: «Әли Имран» сүресінің тәпсірі бойынша жарыс өтті 3089

Шалқар: «Әли Имран» сүресінің тәпсірі бойынша жарыс өтті

03 қараша 2023 1110 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен екі ай білім алған әйел жамағаттары арасында «Әли Имран» сүресінің тәпсірі бойынша жарыс өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды.

1-кезең. Сұрақ-жауап

2-кезең. Топтық жұмыс

3-кезең. Құраннан ережелерді минутқа табу

Жарыс қортындысында жоғары нәтиже көрсеткен 9 шәкіртке «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай сертификат табыстап және сыйлықтармен марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі