«Қайырқожа» мешітінің имамы Әйтеке би ауданында іс-сапарда болды 800

«Қайырқожа» мешітінің имамы Әйтеке би ауданында іс-сапарда болды

06 қыркүйек 2021 97 Оқу 1 минут

 Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов облыстық ақпараттық насихат тобы  аясында Әйтеке би ауданында іс-сапарда болып, жеке және жалпы кездесулер өткізді.

Имам Сұңғат Қанатұлы іс-сапар барысында Т.Жүргенов ауылында фиқһ мәселелері аясында дәріс оқыды.

Одан кейін Әйтекеби аудандық ХҚҚО-да «Бейбітшілік – Тәңір сыйы» тақырыбында бірлік, татулық, ынтымақ аясында насихат айтты.

Ал Әйтекеби аудандық көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар қортындысында жамағатқа «Білім алу маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі