Ақтөбе: «Әс-Сәлам» мешітіне Бас имам тағайындалды 801

Ақтөбе: «Әс-Сәлам» мешітіне Бас имам тағайындалды

06 қыркүйек 2021 99 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы болып Нұрлыбек Такеев тағайындалды. 

Ол – бұған дейін «Сүлеймен ата» мешітінің Бас имамы, «Аңсар» АТО КММ-де бөлім басшысы және теолог қызметтерін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Нұрлыбек Панабайұлы – Халықаралық қазақ-араб университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Алденов жұма намазға жиналған жамағатқа таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі