Бас имам «Хромтау тау-кен техникалық колледжі» студенттерімен кездесті 575

Бас имам «Хромтау тау-кен техникалық колледжі» студенттерімен кездесті

16 наурыз 2021 137 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов «Хромтау тау-кен техникалық колледжінде» кездесуде болды. Кездесу барысында Бас имам аталмыш колледждің студенттеріне «Ихсан ілімі – рухани тәрбие» тақырыбында дәріс сабақ оқыды.

Алла елшісіне (с.ғ.с.) Жебірейіл періште қойған сауалдан бастау алатын Ихсан ілімі – адам баласының бойына «Алла көріп тұр» деген кіршіксіз сенімнің берік орнықтыруды мақсат етеді. Мұндай сенімді жүрегіне терең сіңірген мұсылманның әр ісіне ұқыптылықпен қарайтыны, білім алуды ықыласпен орындап, өзіне жүктелген кез-келген міндетті мүлтіксіз атқаруға күш салатыны сөзсіз.

Бас имам осындай рухани тәрбие негіздерін студенттерге баяндай келе, ежелден бері «Құдай көріп тұр» деген сезімді жанына серік еткен бабаларымыздың жолын бүгінгі буын қайта жаңғыртып, келесі ұрпаққа аманаттауға тиісті екендігін жеткізді.

Студенттер болса белсенді түрде сұрақтар қойып, ислам, иман, ихсанға қатысты жауаптар алды.

Кездесу соңында колледж басшылығы бас имамға студенттермен өткен қызықты кездесу үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулерді тұрақты өткізіп тұруды ұсынды.


Хромтау аудандық аудандық 

 «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі