ЖАНТ мүшесі Темір ауданында 1865

ЖАНТ мүшесі Темір ауданында

03 шілде 2022 132 Оқу 1 минут

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласындағы «Досжан Хазірет» мешітінің имамы Шынболат Үмбетов Темір ауданында 3 күн іс-сапарда болды.
Аталған сапар барысында имам Қопа, Жақсымай ауылдық ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесіп, «Дін және дәстүр» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар ауданның орталығы Шұбарқұдықтағы «Досжан Ишан» мешітінде бесін және құптан намазының алдында «Ықылас», «Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз», тақырыбында ал жұма күні жұма намазының алдында «Зұлхижжа айындағы алғашқы 10 күннің артықшылығы» туралыуағыз-насихат айтты.

Айта кетсек, үш күнге созылған іс-сапарда ЖАНТ мүшесу 330 адамға ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі