Хромтау: «Қажылық және Ұмра сапарына дайындық» дәрісі өтті 2559

Хромтау: «Қажылық және Ұмра сапарына дайындық» дәрісі өтті

19 наурыз 2023 90 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық мешітте «Қажылық – Ұмра сапарларына дайындық» тақырыбында арнайы дәріс өтті.

Аталған дәрісті аудандық «Нұр» мешіттің бас имамы Ерік Қонақбайұлы жүргізіпп, қасиетті сапар туралы аяттар мен хадистерге сүйеніп, олардың мұсылман өміріндегі мәртебесі, орны туралы айтты.

Сонымен қатар қажылыққа, Ұмраға ниеттенген жанның не істеу, қалай дайындалу керектігін, өзімен бірге не алып жүруге болатыны-болмайтыны, ол жақта нені ескеру керектігі туралы және тағы да басқа көптеген кеңестер берді.

Айта кетейік, ауданның бас имамының айтуынша, аталған сабақты аудандық мешітте тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарланып отыр.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі