Ақтөбе: «Досжан хазірет» мешітіне Бас имам тағайындалды 799

Ақтөбе: «Досжан хазірет» мешітіне Бас имам тағайындалды

06 қыркүйек 2021 26 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің Бас имамы болып Шынболат Үмбетов тағайындалды.

Ол – бұған дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Шынболат Үмбетов – «Астана» медресесі мен Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі