“Қабақ баба” мешітінде тағылымды жастар жамағаты арасында білім сайысы өтті
ҚМДБ бекіткен жоспар аясында Ақтөбе қаласы “Қабақ баба” мешітінде РАТТ мүшесі Ербол Ахметов және Қабақ баба мешітінің имамы Молдабайұлы Нұрлыбек арналған сайыста “Жас кезде ілім алудың пайдасы” тақырыбында әсерлі уағыз-насихат айтылып, тесті түрде сұрақ жауап өткізілді, бағалары балмен есптеліп, белсенді жауап берген жастарымызға құнды сыйлықтар табысталды
Кездесу барысында ұстаздарымыз жастардың тұлға болып қалыптасуындағы білімнің рөліне тоқталып, ғылымға ұмтылудың – Пайғамбарымыз ﷺ сүннетіндегі маңызды амалдардың бірі екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, білімді тек дүниелік мақсатта ғана емес, Алла разылығы үшін ізденудің маңыздылығын айтты.
Шараның мақсаты – жастардың имандылыққа, ізгілікке және ғылым-білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың діни және дүниеуй сауатын көтеру және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағыт беру.


















































