2026 жылдың алғашқы «Көшпелі уағыз-насихат керуені» 5803

2026 жылдың алғашқы «Көшпелі уағыз-насихат керуені»

02 қаңтар 2026 23 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қала имамдары кезекті жұма уағызын өтті. 

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы “Бақытжан” мешітінде, “Әл-Латиф” мешітінің бас имамы Рүстембек Аманқосов “Ар-рахим” мешітінде, “Әзіреті Біләл” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев “Қурайлы” мешітінде және “Ар-Рахим” мешітінің бас имамы Мирзабаев Елмұрат Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма уағызын айтты.

Жұма уағызында дін қызметкерлері «Тәртіпсіздік бүлікке, тәртіп берекеге бастайды» тақырыбын арқау етіп, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғам өміріндегі маңызын кеңінен сөз етті. Уағыз барысында Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен мысалдар келтіріліп, тәртіп – тыныштық пен тұрақтылықтың, ал тәртіпсіздік – алауыздық пен бүліктің бастауы екендігіне тоқталды.

Имамдар әрбір мұсылманның өзіне, отбасына және қоғамға жауапкершілікпен қарауы – берекелі өмірдің негізі екенін баяндады. Уағыз соңында жамағатты тәртіпті сақтауға, сабыр мен ынтымақты ту етіп, елдің бірлігі мен амандығы жолндағы бірлікке шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі