Әйел жамағаты арасында «Алла елшісінің тағылымы» шарасы өтті
“Қабақ баба” мешітінің ұстазы ұйымдастыруымен әйел жамағатының арасында «Алла елшісінің тағылымы» тақырыбында тағылымдық қорытынды шарасы өтті. Шара барысында Абдуль Фаттах Абу Ғудданың «Мин адабиль ислам» кітабы негізінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі,әдеп-ахлағы және мұсылманға тән қарым-қатынас мәдениеті кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты — жамағаттың діни сауатын арттыру,Пайғамбар сүннетін өмірде қолдануға үйрету және рухани тәрбие беру болды.
Шараға қатысушылар кітаптан алынған тағылымды насихаттарды тыңдап,өзара пікір алмасып,пайдалы сұрақтар қойды.Сонымен қатар күнделікті өмірде ислам әдебін сақтау туралы нақты мысалдар келтірілді.












































