Шұбарқұдық жамағаты тарихи орындарға зиярат жасады 5885

Шұбарқұдық жамағаты тарихи орындарға зиярат жасады

06 ақпан 2026 22 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Дархан Дала” отандық туризм жобасы аясында Темір ауданы, Шұбарқұдық аудандық мешітінің жамағаты Ақтөбе қаласына арнайы келіп, ондағы тарихи әрі мәдени орындарды зиярат етті. Алдымен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, тарих мен дін, дәстүр мен мәдениеттен тың ақпараттар мен мұралар жинақталған экспонаттармен танысты. Сондай-ақ облыс орталығындағы 100 жылдық тарихы бар қалалық орталық мешітті аралап, терең тарихымен таныс болды. Артынша Есет батыр және Қобыланды батыр кесенесіне барып, мұражайды аралады.