Ақтөбеде DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті 2964

Ақтөбеде DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

05 қазан 2023 117 Оқу 1 минут

ҚМДБ Жастар ісі секторы Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен діни тақырыптағы DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Нұр  Ғасыр» облыстық орталық мешітте өткен сайысқа қатысып, жас шәкірт жамағатқа сәттілік тілеп батасын берді.

Зияткерлік сайысын ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы  жүргізді. Қала мешіттерінің жастар жамағатынан құралған 6 топ қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыстың мақсаты – мешітке келіп ұстаз алдынан тәлім алып жүрген жас жамағат сайысы төл тарихымызды зерделеу, ислам құндылықтарын бойына сіңіру жолымен ұлттық сананы жаңғырту негізінде білмдерін шыңдау.

Додалы сайыстағы сұрақтар легі ислам пәндерінен фиқһ, ислам тарихы,иман негіздерімен қатар қазақы салт-дәстүрлер, туған өлкені зерттеп-тану бағытында қатысушылардың зейінділігі мен зияткерлік әлеуетін саралауға арналды. Сайысқа Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, ҚМДБ Жастар секторының меңгерушісі Бағжан Күзекбай және Қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол төрелік етті. Әділ-қазылар алқасы қатысушылардың білімі мен зейінін бағалады.

Жеңімпаздарды Ақтөбе облысына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы мен ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы марапаттады. 6 турдан құралған сайыс қорытындысында Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешіті атынан түскен топ білімі мен зейіні оза шауып,жүлделі 1-орын және қаржылай 50000 теңгені қанжығасына байлады. 2-орын 30 000 теңге Ақтөбе қалалық орталық мешіті мешітінің жастарына бұйырды. Ал жүлделі 3-орын 20 000 теңгеге «Әл-Латиф» мешітінің жастары қанағат тұтты.

Жүлделі 1-орын алған «Қабақ баба» мешіті атынан түскен топ алдағы уақытта Астана қаласында өтетін DINTELLECT зияткерлік сайысының республикалық деңгейде өтетін ақтық кезеңіне жолдама алды.