Ақтөбе: Бас имам түзету мекемесінде кездесу өткізді 345

Ақтөбе: Бас имам түзету мекемесінде кездесу өткізді

02 қараша 2020 203 Оқу 1 минут

Қазан айының 30 күні Ақтөбе қаласы КА 168/2 түзету мекемесінде жалпы профилактикалық іс-шара аясында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша Бас имамы Төлеби Оспанның қатысуымен кездесу өтті. Шараға 15 жазасын өтеуші қатысты. Мекеменің кітапханасында өткен аталмыш шарада «Пенде өзгермейінше Алла оны өзгертпейді» тақырыбы қозғалды. Сондай-ақ, бас имам деструктивті діни ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тыңдаушылар дін қызметкерлерінің насихатын мұқият тыңдап, соңында сұрақтарын қойып жауабын алды. Алдағы уақытта түзету мекемесі басшылығының ұсынысымен мешіт имамдары онлайн сабақтарды өткізу жоспарлануда.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі