Баспасөз хатшысы «Кәусар» бағдарламасына сұхбат берді 2267

Баспасөз хатшысы «Кәусар» бағдарламасына сұхбат берді

18 қараша 2022 106 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы, журналист, мүфтияттың төл телеарнасы, республикалық «Munara.tv» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова «Рика» телеарнасында қонақ болып, «Кәусар» бағдарламына сұхбат берді.

Эфир барысында ҚМДБ-ның 7 бағытының бірі — Ақпарат және ағарту саласы бойынша Ақтөбе өкілдігінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар туралы да айта өтті.

Бағдарламаны жексенбі күні «Рика» телеарнасынан көре аласыздар.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі