88 бүлдіршінге «Рамазан тәбәрігі» үлестірілді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, еліміздің әр өңірінде қасиетті Рамазан айында «Рамазан тәбәрігі» қайырымдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Қобда ауданы мен Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылдық округіндегі Бегімбет ауылдық мешітінде жалғасын тапты.
Оның ішінде Қобда ауданындағы әйелдер жамағаты «Рамазан тәттісін» 70 бүлдіршінге, ал «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» Б. Сүлейменов атындағы ЖОББМ мектепке дейінгі дайындық тобының 18 бүлдіршініне табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі