12 Шәууәл
Мешітте 47 отбасыға 2 500 000 теңге зекет үлестірілді 4396

Мешітте 47 отбасыға 2 500 000 теңге зекет үлестірілді

27 наурыз 2025 785 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 2 500 000 теңге көлемінде қаражат 47 отбасыға зекет ретінде табысталды. Гүлшат және Бағлан есімді Ақтөбелік кәсіпкерлер қасиетті мейірім айы Рамазанда жерлестерін қолдап, оларға көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында көпбалалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға өз кәсіптерінен Аллаға шүкіршілік етіп зекеттерін үлестіріп берді. Сонымен қатар Бас имам Амантай Садиев зекеттің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, Рамазанда берілген садақаның сауабы еселеп артады дей келе, жағдайы бар адамдардың ораза кезінде зекет беруге асыққаны абзал екендігін баяндап өтті. Одан өзге зекет берген азаматтарға ризашылығын білдіріп, дұға етті. Сонымен қатар мұқтаж отбасылардың шаңырақтары мен ұрпақтарына береке тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі