Мұғалжар: «Мен Пайғамбарымды (с.ғ.с) жақсы көремін»  атты шығарма байқауы өтті 2996

Мұғалжар: «Мен Пайғамбарымды (с.ғ.с) жақсы көремін» атты шығарма байқауы өтті

12 қазан 2023 135 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде ауданның Бас имамы Әсемхан Ерғазиннің бастамасымен қыз балалар арасында «Мен Пайғамбарымды (с.ғ.с) жақсы көремін» тақырыбында шығарма жазудан байқау ұйымдастыырлып, 15 адам қатысты. 

Сайыс қортындысы бойынша ІІІ орынды Мұса Ақнұр (5000 тг), ІІ орынды Ерғабыл Дана (7000 тг) иеленді. Ал І орынмен Пайғамбарға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілігін орыс тілінде жеткізген мешіт шәкірті Баубек Медина үздік деп танылып, 10 000 тгмен марапатталды.

Сонымен қатар әйел жамағатына «Сағындық сені, иә, Расулалла» тақырыбында мәуліт дастарханы жайылып, 45 қыз-келіншек қатысты. Игі шара барысында Мәуліт Алланың Кәләмі Құран оқылып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауат айтылды.

Одан өзге шәкірттер Пайғамбарға(с.ғ.с) арнау оқып, ғибратқа толы көрініс қойды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі