12-13 қазан күндері Х республикалық Құран Кәрім жарысы өтеді 936

12-13 қазан күндері Х республикалық Құран Кәрім жарысы өтеді

11 қазан 2021 202 Оқу 1 минут

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан қаласында 12-13 қазан күндері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтеді.

Жарысқа Ақтөбе өкілдігі атынан толық Құраннан Бекзат Тасболатов, 20 парадан Хабибулла Раушан, 10 парадан Нұргелді Мұздақбай, мәнерлеп оқудан Бекжан Дәуренбекұлы қатысып, додада бақ сынайды. Сәттілік серік болып, Алла жар болсын!

Байқауды «Munara TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстаграм парақшасы арқылы онлайн көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық іріктеу сайыстары өтіп, Х республикалық байқауға қатысатын қарилардың есімдері белгілі болды. Ал бас жүлдені жеңген қари шетелдік автокөлік тізгіндемек.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі