Бас мүфти «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілін марапаттады 935

Бас мүфти «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілін марапаттады

11 қазан 2021 167 Оқу 1 минут

Бүгін Шымкент қаласында өткен «Halal EXPO-2021» көрмесінде ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламовты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады.

Сонымен қатар Бас мүфти адамзаттың арқауы, тіршіліктің тіреуі болған адалдық аясындағы сауапты ісіңіз бен қарымды қызметіңіз үшін өзімнің және мүфтияттың атынан алғыс білдіретіндігін атап өтті.

Еске сала кетер болсақ, әр өңірдегі халал бойынша стандарттау және сертификаттау жұмыстары, оқу-семинарлар, тексеріс, қадағалау, бақылау, лабораториялық зертханаға жөнелтілу, адал ас жөніндегі уағыз-насихат, айлық тексеріс жұмыстарының барлығы осы халалдың өңірлік өкілдерінің қызметі арқылы жүзеге асып жатыр. Ақтөбе облысы бойынша жауапты бақылаушысы Жарасхан Әбдісаламов.

Сауапты һәм жауапты еңбек етіп жатқан білікті дін қызметкері Жарасхан Киікбайұлын марапатымен құттықтап, отбасына амандық, еңбек жолына биік белес, дін жолындағы сауапты қызметіне сәттілік тілейміз

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі