«Қазыналы қарттарымызға қамқорлық» акциясы бойынша көмек көрсетілді 937

«Қазыналы қарттарымызға қамқорлық» акциясы бойынша көмек көрсетілді

11 қазан 2021 109 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Бір аптада бір шара» аясындағы жобасы негізінде «Қазыналы қарттарымызға қамқорлық» акциясы бойынша 62 қария мен 35 отбасыға 882 039 теңгеге 630 кг азық түлікпен  көмек көрсетілді.

Аталған шараға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті, қалалық орталық мешіті, қалалық "Бақытжан" мешіті, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті, Хромтау аудандық «Нұр» мешіті, Байғанин аудандық мешіті, Алға аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешіті, Ойыл аудандық орталық мешіті атсалысты.

Іс-шара барысында қарттар мен отбасыларға дастархан жайылып, азық түлік үлестірілді.

Игі бастамаға үлес қосқан ұйымдастырушыларға, демеушілер мен жамағатқа Алла сауаптан жазсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


«