«Иман» журналының директор-бас редакторы «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді 5064

«Иман» журналының директор-бас редакторы «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді

08 December 2025 80 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналының директор-бас редакторы Кеулімжай Құтты Ақтөбе облысына келген жұмыс сапарында «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді.

Директор-бас редактор «Сәті түскен сұхбат» және «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына қонақ болды.

Бағдарламалар барысында «Иман» журналының тарихына тоқталып, алдағы мақсатымен бөлісті. Сонымен қатар басылымға жазылу жолдары, авторлар туралы, танымдық мақалаларға жіті тоқталды.

Одан өзге аманат пен қарыз туралы айтты. Сұхбатты телеарнадан жақын күндері көретін боласыздар. Сұхбаттасқан журналист, РАТТ мүшесі, дін маманы Ақтолқын Тажикова. «Мұнара» телеарнасы Отауда 20-шы арна.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі